Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Оқушылар орындауында бард әндері
15-12-2021 17:06
Оқушылар орындауында бард әндері
2021 жылғы 25 қарашадан 15 желтоқсан күндері аралығында Павлодар
қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм
орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына
арналған «Ертіс сыңғыры-2021» бард әндерінің қалалық қашықтан фестивалі
өтті. Фестивалге қала мектептерінің оқушылары: № 5, 11, 16, 24, 25, 31, 32,
34, 39, 40, 41, М. Әлімбаев атындағы ЖОББМ және орталық балалар
бірлестіктерінің тәрбиеленушілері 40-тан астам адам қатысты.
«Гитарамен сүйемелдеу негізінде әндер орындау», «Дуэт», «Ансамбл»,
«Авторлық ән», «Туристік-өлкетану әні» атты төрт жас тобтары бойынша
байқау өткізілді. Сайыскерлердің орындауында достық, Ертіс өңірінің туған
өлкесі туралы әндер шырқалды.
«Ансамбл» санатында I орынды № 41 ЖОБМ «Зеленая карета» (11-12
жас), № 25 ЖОМ «Әуен» (13-15 жас) ансамблдері иеленді.
«Туристік-өлкетану әні» санатында I орынды № 32 НОМ оқушысы
Бережная Елизавета (11-12 жас), №16 МЛ оқушысы Минеев Владимир (13-15
жас), БЖЭТО «Вертикаль» клубының тәрбиеленушісі Дьяченко Антон (15-18
жас) иеленді.
«Дуэт» санатында I орынды Ротанова Кира және Жаменкина Вероника
(11-12 жас) № 41 ЖОБМ оқушылары, II орынды Альмуханов Нұрғали және
Исатай Амира (13-15 жас) № 24 ЖОМ оқушылары, III орынды Дьяченко
Антон және Мукамбетьярова Сабина (16-18 жас) БЖЭТО «Вертикаль»
клубының тәрбиеленушілері иеленді.
«Авторлық ән» санатында I орын алды Немченко Антон (16-18 жас)
БЖЭТО «Вертикаль» клубының тәрбиеленушісі иеленді.
«Гитарамен сүйемелдеу негізінде әндер орындау» санатында I орынды
№ 5 ЖОМ оқушысы Семенец Анфиса (6-10 жас); № 40 ЖОМ оқушысы
Рейхерт Дмитрий (11-13 жас); № 41 ЖОМ оқушысы Биянова Даниля (13-15
жас); ЖОМ № 24оқушысы Альмуханов Нургали (16-18 жас); II орынды
М.Әлімбаев атындағы ЖОМ оқушысы Іқылас Арыстан (6-10 жас); №16
мектеп лицейі оқушысы
Панихина Варвара
(13-15 жас); Сәрсемби
Сұлтанмахмұт (16-18 жас), 39 орта мектеп оқушысы; III орынды 11 орта
мектеп оқушысы Мағзұмов Асанәлі (16-18 жас) иеленді.
Фестиваль қатысушыларын құттықтаймыз!!!