Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2021 ЖЫЛ-ЖЕҢІСТЕР ШЕРУІ!!!
31-12-2021 11:54
2021 ЖЫЛ-ЖЕҢІСТЕР ШЕРУІ!!!
2021 ЖЫЛ-ЖЕҢІСТЕР ШЕРУІ!!!
Өтіп бара жатқан 2021 жылды қорытындылай келе, біздің Орталықтың ең маңызды оқиғаларын атап өткіміз келеді. Біздің мақтанатын жетістіктеріміз жетерлік!
Бүгінгі күні Орталық бірнеше жылдар бойы экологиялық, туристік-өлкетану қызметін дамыту стратегиясын жүзеге асырып келе жатқан өңірдің қосымша білім беру ұйымдарының бірі болып табылады. Жыл сайын білім беру мекемелерінің 4 000-ға жуық оқушысы қызмет бағыттары бойынша қосымша білім берумен қамтылған!
Біздің тәрбиеленушілеріміз – түрлі деңгейдегі іс-шаралардың белсенді қатысушылары: 30 халықаралық және республикалық деңгейдегі - 86 жүлделі орынға; облыстық және қалалық деңгейдегі 42 іс-шараларғаға қатысып, 288 жүлделі орындарға ие болдық. «Пирамида» және «Вертикаль» туристік клубтарының тәрбиеленушілері, Докучаева Василина және Виткова Дарья Павлодар облысы әкімдігі бекіткен «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының лауреаттары атанды.
БЖЭТО - 25 000-нан астам оқушыны қамтитын облыстық және қалалық деңгейдегі 35 іс-шараны өткізудің бастамашысы, оның ішінде 10 000-нан астамы – «ЭкоTUR» жазғы жобасының қатысушылары.
Қосымша білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Орталықтың 14 педагогы ҚР БжҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды! Үздіктік белгілерін алған әріптестерімізді ерекше мақтан тұтамыз: Ахметуали Рашитұлы  Қапашев  «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Жанна Каиргелдіқызы Темірова – «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды!
Біз өз мүмкіндіктерімізді іске асыруға демеушілік көрсететін әлеуметтік серіктестерімізге, ата-аналар қауымдастығына ерекше алғысымызды білдіреміз!
2022 жыл жаңа жоспарларды, жаңа жобаларды және жаңа жетістіктерді іске асыру жылы болатынына сенімдіміз!!! Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!