Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар экология және туризм орталығы бүгінгі өмірінен бір күн.
28-07-2022 16:17
Павлодар экология және туризм орталығы бүгінгі өмірінен бір күн.

Павлодар экология және туризм орталығы бүгінде немен айналысады немесе Орталық өмірінен бір күн.

28 шілде күні БЖЭТО  жазғы алаңы "Орталық өмірінің бір күні" өтті.

Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының аумағында жас экологтар, туристер мен өлкетанушылар жиналып, өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын көрсетті, орталық қабырғасында үйренгендері жайлы айтып, өз жетістіктері мен жоспарларымен бөлісті.

Туристер өз аумағында тез арада  туристік бивак , шатыр, өткелдерді орнатып, шыңға өрмелеу бойынша шеберліктерін көрсетті.

Жас экологтар тәжірибелік-зерттеу жұмыстарымен айналысатын жерлерді көрсетті: жылыжай мен сукуллентерге арналған "жасыл үй" жылыжайы, гүл өсімдіктері жайлы орналасқан үлкен көгалдар, балалардың қамқорлығымен өсірілген құлпынайлар .

Өлкетанушылар өңірдің киелі жерлері бойынша өздері әзірлеген туристік - өлкетану бағыттары, практикумдарға қатыса отырып, Исабек Ишан, Ғабдулаухит Хазрет кесенелеріне барғандары жайлы айтты.

 

Қонақтарымыздың назарына Ертіс өңірінің табиғаты туралы баяндайтын көптеген экспонаттарды жинаған орталықтың бірегей мұражайы ұсынылды.

"Ирбис" телеарнасының түсірілім тобы, "Сарыарқа самалы" тілшілері мен "Bilim life"командасының қатысуы арқасында  күніміз өте ерекше өтті.

Осындай ерекше марафонға 50-ге жуық тәрбиеленушілер  мен 10-нан астам педагогтер қатысты.