Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Алматы қаласында қалалық бағдар бойынша жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионаты
29-08-2022 09:40
Алматы қаласында қалалық бағдар бойынша жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионаты

20-25 тамыз күндері аралығында Алматы қаласында қалалық бағдар бойынша жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Павлодар облысының құрамасы қосымша білім беру педагогы О. В. Дьяченко жетекшілігімен «Вертикаль» туристік клубының аға және кіші тәрбиеленушілерінен құралды. Чемпионатқа Нұр - Сұлтан, Алматы қалаларынан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облысының спортшылары қатысты. Әр түрлі жас топтарында барлығы 216 қатысушы. Біздің тәрбиеленушілер үшін және басқа да көптеген спортшылар үшін жарыс форматы үйреншікті емес еді. Барлық қашықтықтар қалалық ауданда, үйлер, алдыңғы бақтар, спорттық және балалар алаңдары арасында, жаяу жүргіншілер өткелінде, жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып өтті.  Жарыс қорытындысы бойынша «Орта» қашықтығында Виткова Дарья 1 орын, София Анастасия - 2 орын, Дьяченко О.В. - 3 орын, «Ұзын» қашықтығында София Анастасия нәтижелі кестеде 3 нәтиже көрсетті, Регинтовская Регина – 2, Дьяченко О.В. - 1. «Бір қатысушының эстафетасы» қашықтығында Козель Елизавета -2 орын, Регинтовская Регина – 3 орын, «Спринт» қашықтығында Козель Елизавета – 2 орын, Дьяченко О.В. – 2 орын иеленді. Павлодар облысы спортшыларының қоржыны әр түрлі дәрежедегі 10 медальға толтырылды. Алдағы уақытта  «СЮТур» БАК жас туристерін қыркүйек айының соңында Бурабай ұлттық паркінде республикалық шеңберінде өтетін оқушылар арасындағы спорттық бағдарлау бойынша турнир күтіп тұр. Марапаттарыңызбен құттықтай отырып, келешекте табыс тілейміз!