Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикасының Чемпионаты және туристік көпсайыстан ҚР Кубогының финалы
22-09-2022 11:09
Республикасының Чемпионаты және туристік көпсайыстан ҚР Кубогының финалы
11-18 қыркүйек аралығында Түркістан облысы Арыс өзенінде аралас туризм бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты және туристік көпсайыстан ҚР Кубогының финалы өтті. Жарыс бағдарламасы күрделі және өте мазмұнды болды, командалар велосипед, жаяу жүргінші, тау, су, спелео туризмінен жарысты.  Велотуризм "Велотриал" және "Эстафета" қашықтықтарымен ерекшеленді, су туризмі "Слалом" және "Құтқару жұмыстары" қашықтықтарынан, жаяу туризм - "Өткел", "Байламдар", "Қысқа" қашықтықтарынан тұрды. "Іздестіру-құтқару жұмыстары" үш күндік қашықтықтың өтуі қатысушылардың есінде ерекше қалды, оның шарты бойынша балалар команда басшыларымен бірге орманда ағаштарда суық түн жағдайында түнеп, шартты "Өртті", "Су тасқынын", "Ұшақтың апатқа ұшырауын"  және тағы басқа жағдайларды жеңді.
5 команда құрамындағы Павлодар облысының делегациясы "Жасөспірімдер", "Юниорлар" және "Ересектер"үш жас топтарына қатысты.
"Жасөспірімдер" жас тобында "Павлодар" командасы (Тоғайбаева Мадина, Мартенс Анна, Горбикова Варвара, Ясюра Дмитрий) "_Өткел" қашықтығында 1 орын алды. "Павлодар-1" командасы (Булатова Азиза, Вишенкова Анна, Ридзаускайте Валерия, Үсенов Ильдар) "Слалом"қашықтығында 3 орын алды.
"Юниорлар" жас тобында "Павлодар" командасы (Киселев Артем, Деркач Кирилл, Идрисов Елнур, Муравкина Дарья, Каиркулов Ансат) "Өткел" қашықтығында 1 орын, "Байламдар" қашықтығында 2 орын, "Слалом", "Құтқару жұмыстары", "Велотриал" қашықтығында 3 орын алды. "Іздестіру-құтқару жұмыстары". Жалпы командалық есепте балалар ІІ орын, жыл қорытындысы бойынша ІІ орын алды. Жыл қорытындысы бойынша жеке есепте ІІ орынды Идрисов Елнур иеленді. "Павлодар-1" командасы (Горнунг Данил, Докучаева Василина, Идрисов Амир, Васильева Анастасия, Икласова Альбина, Черненко Ирина) "Өткел", "Байламдар", "Эстафета"қашықтықтарында 3 орын алды.
"Ересектер" жас тобында "Павлодар" командасы (Сидоренко Михаил, Кадеев Рамиль, Лихолатов Константин, Бикмулина Дания) "Іздестіру-құтқару жұмыстары", "Өткел", "Құтқару жұмыстары", "Қысқа" қашықтықтарында 3 орын, "Слалом", "Байламдар" ,"Эстафета", "Велотриал" қашықтықтарында 2 орын алды. Жалпы командалық есепте балалар ІІІ орын, жыл қорытындысы бойынша ІІ орын алды. Жыл қорытындысы бойынша жеке есепте ІІ орынды Дания Бикмуллина иеленді.
Сергей Николаевич Агалаковтың басшылығымен "Пирамида" және "Вершина" турклубтарының құрама командасы туристік көпсайыс бойынша ҚР кубогы кезеңінің спорттық туризм бойынша ҚР Чемпионатында (су жорықтары) І орын алды. Бұл жорық тамыз айында өтіп, финалда марапатталды. 
Жарыстарда лайықты,  үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай - ақ команда жетекшілері-Агалаков Сергей Николаевич, Ридзаускас Владислав Юрьевич, Ридзаускене Ирина Валерьевнаны құттықтаймыз!