Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Азия чемпионаты және Қазақстан Республикасының тау туризмі бойынша чемпионаты
27-03-2023 17:20
 Азия чемпионаты және Қазақстан Республикасының тау туризмі бойынша чемпионаты

2023 жылғы 19 - 24 наурыз күндері  аралығында Жетісу облысының Көксу ауданының балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде, "Спелеотуризм”  пәні бойынша халықаралық жарыстар, спорттық туризм бойынша Азия чемпионаты және Қазақстан Республикасының тау туризмі бойынша чемпионаты өтті. Жарыстарда Павлодар облысының атынан «СЮТур» БАК тың – «Пирамида», «Пирамида 1», «Вершина» туристік клубтарының тәрбиеленушілерінің құрама командасы қатысты. Жарыс күндерінің нәтижесі:  «Юниор» тобында спортшыларымыз – спелеотуризм бойынша халықаралық жарыста I мен II командалық орын, спелеотуризм бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында I және II командалық орындар, халықаралық жарыстарда тау туризм бойынша II орын, ҚР тау туризмінен командалық II орынды иеленді.«Ересектер» тобында – спелеотуризм бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында I орын, халықаралық жарыстарда спелеотуризм бойынша II орын, тау туризмі бойынша халықаралық жарыстарда ІІ орын, спелеотуризм бойынша Азия чемпионатында ІІ орын, тау туризмі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІ орынды иеленді. Біздің педагогтеріміз  Ирина Валерьевна Ридзаускене,  Владислав Юрьевич Ридзаускас,  Сергей Николаевич Агалаковты тамаша нәтижелері мен лайықты медальдерімен шын жүректен құттықтаймыз.