«Алтын балалық шақ» мерекелік фестивалі
Экология және туризм орталығы Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Алтын балалық шақ» мерекелік фестиваліне белсене қатысты.
Іс-шара Орталық жағалауда өтті. Біздің педагогтар балалар мен олардың ата-аналары үшін бөлме, жеміс-жидек және сәндік өсімдіктерін отырғызу бойынша шеберлік сабағын өткізді. 200 астам дана көлемінде отырғызу материалы дайындалды.
Әрбір қатысушы отырғызған көшет пен гүлін өзімен бірге үйлеріне алып кетті. Енді изолепис, оксалис, бегония, папоротник, пеларгония, өрік, бөріқарақат, каталпа және гиннал үйеңкі сияқты өсімдіктер, біздің шеберлік-сабағы қонақтарының учаскелері мен терезелерін безендіреді.