Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ЕСО стиліндегі өмір» қалалық EСО Quest
06-06-2024 18:33
«ЕСО стиліндегі өмір» қалалық EСО Quest

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде экология және туризм орталығында жас табиғатты қорғаушылар жиналды. Командалар «ЕСО стиліндегі өмір» қалалық EСО Quest-ке белсенді қатысты. Әртүрлі станцалар балаларға экологиялық мәселелерді шешуде қиын міндет қойды: «EСО # өсімдіктер әлемі», «EСО#жануарлар әлемі», «ECO#табиғатпен келісім» «ECO#қорық жолдары», «EСО#жорыққа барамыз», «EСО#Қазақстанның биоценоздары», «ECO#екінші өмір».
Квесттен кейін балаларды «BAYTAQ – Жасылдар партиясы» партиясының мүшелері және облыс әкімі жанындағы экологиялық кеңестің мүшесі - Павленко Юрий Федоровичпен кездесу күтіп тұрды. Қатысушылар арасында біздің өңірдің экологиялық жағдайы туралы сындарлы диалог өтті. Кездесу баламалы энергия көздері туралы № 39 ЖОББМ оқушысы Маусымбаев Ильдардың сөз сөйлеуімен аяқталды.
Әр кезеңде жинаған ұпайлары бойынша ойынның жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды: І орын - «Табиғат достары» (Жетекші ЖОББМ), «Умка» (№32 ЖОББМ), ІІ орын – «Green Team» (С. Торайғыров ат. ЖОББМ), «Сұңқар» (Ж. Тәшенов ат. ЖОББМ), «Экочемпиондар» (М.Әуезов ат. ЖОББМ), ІІІ орын – «Жас экологтар» (№14 ЖОББМ), «Green Team» (№11 ЖОББМ). Барлық қатысушылар «BAYTAQ – Жасылдар партиясы» партиясының көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды. Баршаңызды қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтаймыз!