21-23 маусым күндері аралығында Астана қаласында саябақ аймағында дәстүрге айналған "ASTANA O-FEST"спорттық бағдарлау фестивалі өтті. 100-ден астам адам күш, жылдамдық, төзімділік, ерік-жігер, қатты шаршау аясында және аптаған ыстық кезінде өнімді ойлау мен шешім қабылдау қабілеттерін сынады. Павлодар қаласының құрамасын педагогтар - Дьяченко Оксана Владимировна мен Кремер Сергей Владимировичтің жетекшілігімен 24 адамнан тұратын балалар - жасөспірімдер экология және туризм орталығының "СЮТур" БАК бағдарлаушылары ұсынды.
Екі күндік жарыс нәтижелері бойынша "М12" тобында ІІІ орынды Никитин Гектор, "W14" тобында І орынды Кузина Лучезара, "М14" тобында ІІІ орынды Бриж Артем, "W21" тобында ең тәжірибелі қыздар, Климентьева Амина - ІІ орын, Кремер Любовь - ІІІ орынды иеленді, "М21" тобында ең тәжірибелі жас жігіттер Барбашин Данил І орынды иеленді.
Тәрбиеленушілермен қатар спортшылардың жетекшілері мен ата-аналары да өз күштерін сынап көрді. Нәтижелер әрқашан қуантарлықтай: "W35" тобында Кузина Светлана – І орын, "М40" тобында Кремер Сергей – ІІ орын, Колесников Олег – ІІІ орын. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласының спорттық бағдарлау федерациясының медалдарымен және грамоталарымен марапатталды. Жарыс қатысушыларын құттықтаймыз және алдағы старттарда сәттілік тілейміз!
"ASTANA O-FEST"спорттық бағдарлау фестивалі