Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Туристік көпсайыс бойынша (тау туризмі) Павлодар облысының ашық чемпионаты
21-06-2024 14:35
Туристік көпсайыс бойынша (тау туризмі) Павлодар облысының ашық чемпионаты

Өткен демалыс күндері 21-23 маусым күндері аралығында туристік көпсайыс бойынша (тау туризмі) Павлодар облысының ашық чемпионаты өтті. Жарысқа Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларынан 170-тен астам қатысушы қатысты. Жарыс екі қашықтықта өтті: "Байламдар" және "Командалық". БЖЭТО-ның намысын "Искра" – жетекшісі Кенжин Рустам Айтанұлы, "Пирамида", "Вершина" - жетекшілері Ридзаускас Владислав Юрьевич, Ридзаускене Ирина Валерьевна, Агалаков Сергей Николаевич, клубтарының "Павлодар" құрама командасы, "Олимп" - жетекшісі Ора Юлия Вячеславовна "СЮТур" БАК туристік клубтары қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық орындар: "Балалар" санатында - І орын "Искра", ІІІ орын "Искра", "Жасөспірімдер" санатында - І орын "Павлодар", "Ересектер" санатында-І орын "Павлодар", ІІ орын "Павлодар-1". Медалдардың жалпы саны: 44 – алтын, 18 – күміс және 16 – қола.
"Ересектер" санатына қатысқан орталық педагогтары - Сергей Николаевич, Владислав Юрьевич және Ирина Валерьевна ІІ жалпыкомандалық орынды иеленді. Біздің тәрбиеленушілеріміз бен педагогтарымызды тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз!