Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "ДАНА МҰРАСЫ" экспедициялық жасақтар облыстық слеті
05-07-2024 11:59
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "ДАНА МҰРАСЫ" экспедициялық жасақтар облыстық слеті. 3 қызықты күн зымырап өтті, онда тек жарыс минуттары ғана емес, сонымен қатар акциялар, шеберлік-сыныптар, ойын-сауық іс-шаралары және соңғы күн "Аңыздар жолдарымен" тарамдалған шығумен жалғасты.
11 команда әлемге Ұлы адам сыйлаған Баянауыл жерінде кездесті. Жас Сәтбаевшылар келесі блоктарда бақ сынасты: шығармашылық блогы - "Туристік әндер байқауы" және "Фотобайқау", "Өлкетану блогы" – "Жас өлкетанушы" номинациясы бойынша іздеу және зерттеу жұмыстарын қорғау, "Археологиялық блогы" - археологиялық викторинаға қатысу және артефактілерді талдау, "Геологиялық блогы". - геология негіздері бойынша тапсырмалар және карталармен жұмыс, "Бейнеподкаст" .
Кездесудің барлық нәтижелері бойынша әр номинация бойынша үздіктер анықталды.
"Туристік әндер байқауы" - І орынды Павлодар қаласының командасы, ІІ орынды Тереңкөл ауданының командасы, ІІІ орынды Екібастұз қаласының командасы иеленді.
"Жас өлкетанушы" - І орынды Тереңкөл ауданының командасы, ІІ орынды Успен ауданының командасы, ІІІ орынды Баянауыл ауданының командасы иеленді.
"Археологиялық блогы" - І орынды Шарбақты ауданының командасы, ІІ орынды Ақтоғай ауданының командасы, ІІІ орынды Успен ауданының командасы иеленді.
"Геологиялық блогы" - І орынды Екібастұз қаласының командасы, ІІ орынды Павлодар қаласының командасы, ІІІ орынды Ертіс ауданының командасы иеленді.
"Бейнеподкаст" - І орынды Баянауыл ауданының командасы, ІІ орынды Павлодар ауданының командасы, ІІІ орынды Павлодар қаласының командасы иеленді.
"Фотобайқау" - І орынды Баянауыл ауданының командасы, ІІ орынды Павлодар қаласының командасы, ІІІ орынды Железин ауданының командасы иеленді.
Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша І жалпы командалық орынды Баянауыл ауданының командасы, ІІ орынды Павлодар қаласының командасы, ІІІ орынды Екібастұз қаласының командасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, қазылар алқасы мен топ жетекшілері алғыс хаттар, ал қатысушылар сертификаттармен марапптталды. Жеңімпаздарды және барлық Слет қатысушыларын құттықтаймыз, қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, кез келген шыңдарды бағындыруды тілейміз.