Экология және туризм орталығында педагогтар мен мектеп музейлерінің жетекшілеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетуі мақсатында «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ бірлесіп ұйымдастырылған «Музейлік қызметі білім берудің заманауи шартында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үлгісі ретінде» оқу-тәжірибелік семинары өтті. Семинарды өткізу бағдарламасы «Мектеп музейінің бұқаралық жұмыс үлгілері» (БЖЭТО «Жас эколог» музейі қызметінің мысалында)», «Формы и методы организации сотрудничества ОО «Павлодарский Дом географии» с организациями образования региона», ««Өлкетану оқушыларды патриоттық тәрбиелеудің негізі ретінде («Жас өлкетанушы» авторлық бағдарламасын іске асыру тәжірибесінен)», «Музейтану. Музей қорын есепке алу, түгендеу, сақтау, этикетаж әзірлеу», «Проблемы построения экспозиции школьного музея» сияқты көкейкесті мәселелердің қарастырылуын қамтиды. Семинар музей-өлкетану қызметін жүзеге асыру бойынша қатысушылардың пікір алмасуымен аяқталды.
«Музейлік қызметі білім берудің заманауи шартында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үлгісі ретінде» оқу-тәжірибелік семинары