
2025 жылдың 10-11 ақпанында Усолка микрорайонындағы «Ертіс» шаңғы базасында II облыстық кешенді гимназиадасының бағдарламасына сәйкес қысқы спорттық бағдарлау бойынша жарыстар өтті. Төрешілер құрамына экология және туризм орталығының педагогтары және БЖЭТО «Вертикаль» клубының аға тәрбиеленушілері кірді.
Жарысқа Павлодар облысының 10 ауданынан және Ақсу, Екібастұз және Павлодар қалаларынан спортшылар қатысты. Бағыт қоюшылар спортшыларға белгіленген 2 қызықты қашықтық дайындады. Павлодар қаласын ұсынған команда құрамына экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Бриж Артем, Лоскутников Егор, Воркунов Роман, Кузина Лучезара, Перекопская Ксения және Керимова Русалина кірді. Жарыс нәтижелері бойынша қалалар арасында ең көп ұпай жинаған Павлодар қаласының командасы болды, одан кейін Ақсу қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия командасы, Екібастұз қаласының командасы нәтижелер кестесінде үшінші орынға ие болды. Аудандар арасындағы жалпы командалық есепте 1-орынды Үспен ауданының командасы иеленді, 2-орын Павлодар ауданының Розовка селосына, ал нәтижелік кестеде үшінші орынға Ертіс ауданының спортшылары келді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облыстық дене шынықтырудың аймақтық-тәжірибелік орталығының грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.