Кәдімгі қарағай тұқымын отырғызу бойынша шеберлік-сыныбы өтті.

Экология және туризм орталығында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы және "Жасыл мектеп" қалалық жобасын іске асыру аясында кәдімгі қарағай тұқымын отырғызу бойынша шеберлік-сыныбы өтті. "Қарағай: тұқымнан жетілген ағашқа дейін" шеберлік-сыныбының жұмысына №30, 33, 35, С.Торайғыров атындағы, А. Шамкенов атындағы орталықтың " топтық мектептері " қатысты.
Қатысушылар алдында Павлодар облысы орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақ бөлімінің бас маманы - Қабдолла Диас Ғабит-ұлы және Павлодар облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы - Мұхаметқалым Сабина сөз сөйледі.