
Бүгін Экология және туризм орталығында "Таза Қазақстан" республикалық акциясын, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын және Павлодар қаласының мектептері үшін ТОП - 10 жобаның қатарына кіретін "Жасыл мектеп" қалалық жобасын іске асыру аясында "Қарағай: тұқымнан жетілген ағашқа дейін"шеберлік сыныбы өтті.
Шеберлік-сынып жұмысына М.Әлімбаев, Б. Момышұлы, А. Бөкейхан, Ж.Тәшенов атындағы және №6 ЖОББМ 50-ден астам білім алушылары қатысты.
"Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" көрнекті тұлғалары Құрманов Алтынбек Жұматұлы, Нұрша Болатбек Нұршаұлы және Жаслан Мұрат Жанатұлы сөз сөйледі. Қонақтар облысымыздың ең әдемі жері - Баянауыл туралы айтып берді. Оның табиғаты, тарихы, көрнекті адамдар және қарағайлардың қалай өсірілетіні туралы ой қозғады.
Шеберлік сыныптың әрбір қатысушысы кішкентай тұқымнан қарағай өсіруді үйренді және одан әрі күтім жасау бойынша нұсқаулар алды.