Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақстан – менің елім»
23-05-2013 04:25
«Қазақстан – менің елім»

2013 жылғы 14-15 мамыр күндері Ақтөбе қаласында «Қазақстан – менің елім» атты өлкетанушыларға, натуралистерге және туристерге арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өз жұмысын атқарды. Павлодар облысының делегациясы Ертіс, Баянауыл аудандарының жалпы орта білім беру мектептері, Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназиясы, № 9 ЖОБГМ, №6 ЖОБМ, оқушылар Сарайы, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының оқушыларымен ұсынылды.

Жас зерттеушілер зерттеу жобаларын келесі бағыттар бойынша қорғады:

- Тарих тереңінде (туған қлкенің тарихын зерттеу);

- Туған жердің экономикасы;

- Сөнбес жұлдыздар;

- Табиғат және экология;

- Халықтың салт – дәстүрі және өнері;

- Туризм, спорт және денсаулық.

Өлкетану зерттеу жұмыстарын қорғауы барысында әділ қазылардың ерекше назары қойылған мәселенің жаңашылдығы мен өзектілігі, қазіргі таңға сай зерттеулердің жұмыс әдістерін меңгеруінде шығармашылық көзқарас; нәтижелердің тәжірибелік маңыздылығы және жасалған жұмыстағы автордың қатысу деңгейіне бағытталды.

Сонымен қатар, балалар картографиялық материалдар, өлкетану бағытындағы баннерлер, экологиялық тақырыбындағы суреттер және фотосуреттер конкурсына қатысты.

Павлодар облысы құрамасының жетістіктер жинағына дипломдар мен грамоталар қосылды: 2 – екінші орын, 1 - үшінші орын және «Зерттеудің өзектілігі», «Автордың практикалық жетістігі» номинациялары. Ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз және зерттеу жұмысында сәттілік тілейміз.