Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
21 қараша күні «Экология. Туризм. Өлкетану» Марафоны көлемінде «Ертіс сыңғыры - 2013» қалалық бард әнінің фестивалі өткізілді.
27-11-2013 11:35
21 қараша күні «Экология. Туризм. Өлкетану» Марафоны көлемінде «Ертіс сыңғыры - 2013» қалалық бард әнінің фестивалі өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күніне арналған

«Ертіс сыңғыры - 2013»

қалалық балалар-жасөспірімдер бард әнінің фестивалін

өткізу туралы ақпарат

  Фестивальді өткізу мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауы, «Мәдени мұра» бағдарламасы мен «Менің Отаным - Қазақстан» туристік – өлкетану жорығын жүзеге асыру көлемінде шығармашылық тұрғыда ойлайтын дарынды жастарды анықтау; жастардың бойында азаматтылық пен қазақстандық отансүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеу; оқушылар арасында ақындық-музыкалық және туристік мәдениеттің бірегей құбылысы ретіндегі авторлық әнді насихаттау; Ертіс өңірінде авторлық ән жанрын қолдау; авторлар мен орындаушылардың шығармашылық дәрежесін арттыру болды.

   Осы іс-шара Павлодар қ. жалпы орта білім беру  мектептерінің рейтингіне кіретін «Экология. Туризм. Өлкетану» Марафоны көлемінде өткізіліп, Павлодар қ. білім беру бөлімі тарапынан қаржыландырылды.

   Фестиваль № 29 ЖОБМ негізінде өткізілді, мұнда Павлодар қ. білім беру  мекемелері қатысты: № 8, 27, 25, 7, 41, 42, 1, 14, 16, 36, 29 ЖОБМ, «Стикс» мамандандырылған мектебі, БЖЭТО, ОМӘМИ, № 51 балабақшасы.

    Музыкалық ұжымдардың саны 15, қатысушылардың саны 120 адамнан астам.

   Конкурсшылар үш жас тобына жіктелді.Қатысушыларды тыңдау Фестивальдің 5шығармашылық шеберханалары бойынша жүзеге асырылды:

·«Туристік-өлкетану әні»

·«Авторлық ән» (музыка және сөздерінің авторлары);

·«Гитараны сүйемелдеу негізінде әндерді орындау» (орындаушылар);

·«Ансамбль» (ұжымдар, шығармашылық ансамбльдері);

·«Дуэт».

    Қатысушылар әрбір номинациясы бойынша өз әндерін ұсынды. Музыкалық сүйемелдеу – гитара.

    Фестивальдің қадірлі қонақтары: Людмила Александровна Вольф – Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, биология ғылымдарының кандидаты, Кенжебай Мубаракович Омиров – Ауған соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз орденінің Кавалері.

    Әділ-қазы алқасының құрамы: Евгения Борисовна Бережная – «Серебряные струны» авторлық әні клубының төрағасы, Славян орталығы басқармасының мүшесі, Константин Игоревич Симонов – «Серебряные струны» авторлық әні клубының қос төрағасы, Павлодар қ. авторлық әнінің лауреаты, Людмила Николаевна Бевз – «Серебряные струны» авторлық әні клубының үйлестірушісі, Славян орталығы басқармасының мүшесі, «Алматы-2013» авторлық әнінің лауреаты, Зауре Елубаевна Кенжина – экология және туризм орталығының әдіскері, философия магистрі, Ирина Валерьевна Ридзаускене – экология және туризм орталығының ұстазы, туризм бойынша СШҮ, Марина Раисовна Каримова - экология және туризм орталығының ұстазы, Алматы қ.  «Зимний аккорд» халықаралық бард әні фестивалінің лауреаты.

     Әрбір жас тобында атағы берілген екі дипломант және бір лауреат анықталды. Фестиваль жеңімпаздары грамоталар және бағалы жүлделерімен марапатталды.

   «Ертіс сыңғыры - 2013» қалалық балалар-жасөспірімдер бард әнінің фестивалінің жүлдегерлері:

«Ансамбль»номинациясы:

6-10 жас:1 орын– «Пилигримм»бард клубы.

11-14 жас:

1 орын – № 41ЖОБМ музыкалық ұжымы,2 орын– «Усольский меридиан» № 42ЖОБМ,3 орын– № 27ЖОБМ музыкалық ұжымы.

15-17 жас:

1 орын– № 25ЖОБМ, 2 орын– № 7ЖОБМ музыкалық ұжымы,3 орын– «Стикс»мамандандырылған мектебі.

«Дуэт»номинациясы:

6-10жас: 1 орын- Милана Семка, Егор Боярский

11-14 жас: 1 орын- Мария Дьяченко, Александр Вирясов  БЖЭТО

15-17 жас: 1 орынбард клуб «Медные струны» № 29ЖОБМ, 2 орын– «Пилигримм» бард клубыВладлена Никитина, Валентина Герт, 3 орын– Адильбек Талап, Анелина Смагулова «Стикс»мектебі.

«Авторлық ән»номинациясы:

6-10 жас: 1 орын– «Вертикаль»клубы  № 14ЖОБМ

11-14 жас:1 орын- Карина Мингалева № 16лицей-мектебі.

15-17 жас: 1 орын– Владимир Левченко № 41ЖОБМ, 2 орын– Еркежан Макишев ОМӘМИ, 3 орын– Ксения Копотун  № 27ЖОБМ.

«Гитараны сүйемелдеу негізінде әндерді орындау»номинациясы:

6-10 жас: Арина Авершина № 51б/б.

11-14 жас: 1 орын- Надира Есманова № 41ЖОБМ, 2 орын– Айгерим Бает «Пилигримм»бард клубы,

15-17 жас: 1 орын - Шахислам Сембаев «Медные струны» бард клубы, 2 орын – Еркежан Макишев ОМӘМИ, 3 орын Кирилл Андреев № 36 ЖОБМ.

«Туристік-өлкетану әні»номинациясы:

6-10 жас: 1 орын– «Усольский меридиан»клубы  № 42ЖОБМ.

15-17 жас: 1 орын- «Пилигримм»бард клубы  В.Никитина,В.Герт, 2 орын– «Вертикаль» клубы№ 14ЖОБМ, 3 орын– Максим Кашемиров № 41ЖОБМ.

«Шығармашылық ізденіс»номинациясы:

Андрей Пилипчук № 36ЖОБМ, Сергей Останин № 27ЖОБМ, «Вертикаль» клубы№ 14ЖОБМ, Шахислам Сембаев № 36ЖОБМ.

Сонымен қатар, алғыс хаттарымен келесі ұжым жетекшілері марапатталды:

  № 36 ЖОБМ Т.В.Лобанова; № 14 ЖОБМ О.В.Дьяченко; № 27 ЖОБМ А.В.Нуриманова; № 42 ЖОБМ Л.Я.Носова; № 41 ЖОБМ И.Н.Стрелец; М.М.Кожахметов БЖЭТО; № 25 ЖОБМ Ж.Қ.Балкенов; № 51 б/б А.А.Кизибаева; № 7 ЖОБМ И.В.Медведева; БЖЭТО «Пилигримм» бард клубы  М.Р.Каримова.

    Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы және «Ертіс сыңғыры - 2013» қалалық балалар-жасөспірімдер бард әні фестивалінің ұйымдастырушылық комитеті № 29 ЖОБМ әкімшілігіне мектеп негізінде фестивальді өткізу ұсынған мүмкіндігі үшін зор алғысын білдіріп, балалар музыкалық шығармашылығын дамыту саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға үміттенеді.