Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасы Кубогына қатысу туралы
02-06-2014 11:51

       2014 жылғы 23 - 27 мамыр күндері аралығында Қарағанды қаласында жүгіру арқылы спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы өткізілді, мұнда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары және Астана, Алматы мен Қарағанды қалаларының спортшылары қатысты.

    Жарыс ұйымдастырушылары қатысушыларға ұзындығы мен күрделілігі бойынша әртүрлі 4 қашықтықты ұсынды. Нәтижелер әралуан жас топтары бойынша есептеліп шығарылды.

     Павлодар облысының ар-намысын Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының ұстаздары мен оқушылары қорғады. Жарыстардың қорытындылары бойынша:

    Дьяченко Мария («Вертикаль», жет.Кремер С.В., Дьяченко О.В.) орта қашықтықта - 2 орын, ұзын қашықтықта - 3 орын;

        Сапарбек Бахтияр («Вертикаль», жет.Кремер С.В., Дьяченко О.В.) «спринт» қашықтығында – 2 орын;

      Бабенко Антон («Абрис», жет.Дмитриев И.А.) – орта қашықтықта 2 орын иеленді.

        Сонымен қатар, спорттық разрядтары да орындалды:

      II-ші разряды – Сапарбек Бахтияр («Вертикаль», жет.Кремер С.В., Дьяченко О.В.) және Бабенко Антон («Абрис», жет.Дмитриев И.А.);

     СШҮ (спорт шеберіне үміткер) – Кремер Данил, «Лидер» балалар бірлестігінің жетекшісі.

      Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!