Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Жалпы және орта білім берудің интеграциясы оқушылардың табысты дамуының шарты ретінде»
21-08-2014 07:55
«Жалпы және орта білім берудің интеграциясы оқушылардың табысты дамуының шарты ретінде»
20 тамыз күні «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК негізінде «Жалпы және орта білім берудің интеграциясы оқушылардың табысты дамуының шарты ретінде» тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бағыттарын дамыту бойынша тамыз секциялық мәжілісі өткізілді. Мәжіліс қатысушылары - Павлодар, Ертіс, Железинка, Шарбақты және т.б. аудандарының экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану бағыттарындағы химия, биология, география пәндерінің мұғалімдері мен қосымша білім беру ұстаздары болды. Секция жұмысын БЖЭТО МҚКК ОӘЖ жөніндегі директордың орынбасары Ж.К.Темирова «Балалардың социумға табысты бейімделуі мақсатында қосымша және жалпы білім берудің интеграциясы» мәселесімен ашты. «Жасыл экономика» дамуындағы қалың бұқара топтарының мүмкіндіктерін г.ғ.к., ИнЕУ доценті, «ЭКОМ» ҚБ төрағасы С.В.Могилюк ашып көрсетті. Жалпы және қосымша білім берудің интеграциясы жағдайында ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі аспектілерімен б.ғ.к., ПМПИ доценті Г.Е.Асылбекова таныстырып өтті. Оқушылардың дене тәрбиесі мен дамуының негізі ретінде мектепте туризммен шұғылданудың көкейкестілігі туралы Железинка ауданы ББ спорт бойынша әдіскері С.Б.Қайыртаев әңгімеледі. Сонымен қатар, секциялық мәжілісінің бағдарламасы көлемінде шебер-кластары да қарастырылды: ««Атамекен» республикалық туристік-өлкетану экспедициясы тұрғысында мектеп мұражайы қызметінің ұйымдастырылуы» (И.А.Ефимова, БЖЭТО МҚКК «Өлкетану» бөлімінің меңгерушісі), «Табыс жағдаятын үлгілеу» (О.В.Дьяченко, «СЮТур» БАК меңгерушісі), «Оқыту үдерісі барысында мектеп жанындағы учаскені қолдану мүмкіндігі» (Б.К.Текенова, БЖЭТО МҚКК «Гүлтану» бөлімінің меңгерушісі). Секция жұмысы пікір алмасу, қорытындыларды шығару, әрі қарай тиімді жалпы және қосымша білім берудің интеграциясы бойынша ұсынымдарды құрастырумен тәмамдалды.