«Өсімдіктер әлемі» тақырыбында байқау іс-шарасы
2014 жылғы 7 қараша күні «Гүлдер ғажайып әлемі» жобасы көлемінде «Гүлтану және ландшафты әрленім» бөлімінде Инесса Николаевна Орт қосымша білім беру ұстазының жетекшілігімен «Өсімдіктер әлемі» тақырыбында байқау іс-шарасы өткізілді. Іс-шара орта буын оқушыларына арналды. Оның барысында мультимедиалық құралдар, карточкалар бойынша тапсырмалар, гүлдер туралы аңыздар қолданылды. Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты оқушылардың өсімдіктер әлемі туралы ойөрісін кеңейту, өсімдіктерге деген танымдық қызығушылығын арттыру болды. Іс-шара жағымды пікірлерге ие болды.