Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Экзотикалық арал»
21-01-2015 10:49
«Экзотикалық арал»

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында ай көлемінде «Экзотикалық арал» тақырыбында экскурсия жүргізілуде. Далада ақ тонды қыс серуендеп жүрсе де, біздің жылыжайымызда ала көйлекті жаз патшалық етуде. Жылыжайға кіре бере қатысушылар өздерін экзотикалық аралға келгендей сезінеді. Біздің жылыжайымызда авокадо, абутилон, аққанат және т.б. өсімдіктердің гүлденуі мен лимон, фортунелла, кофе, анардың жеміс беруін тамашалауға болады. Экскурсияның мазмұны оқушыларды көп таралған тропикалық және субтропикалық өсімдіктерімен таныстырып, олардың байқағыштығы мен тыңдап, естеріне сақтай білу қабілеттерін дамытады. Біздің экскурсияға «Дачник» клубының мүшелері, ПМПИ студенттері, Орталық балалар бірлестіктерінің шәкірттері, №30, 28, 14 және т.б. ЖОМ мұғалімдері мен оқушылары қатысқан болатын. Ниет білдіруші қауымды біздің жылыжайымызға келіп, өзімен бірге «жаздың» бір бөлігін әкетуіне шақырамыз.