Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ұрпаққа өнеге қызмет
03-02-2017 06:48

Ұрпаққа өнеге қызмет

2017 жылғы 28 қаңтар күні «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК «Зерде» балалар бірлестігінің 16 оқушылары, жетекшілері Зауре Елубайқызы, Тимур Қабдоллаұлы, өскелең ұрпақтың бойында азаматтылық, қазақстандық отансүйгіштік тәрбиелеу, болашақта кәсіби тұрғыда өздігінен анықталуы мақсатында «ҚР ІІМ Павлодар қалалық оқу орталығы» РММ барып қайтты. Кадрлық-тәрбие бөлімінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұрлан Мақсұтұлы Ашықбаев оқу орталығы бойынша танымдық және тәрбиелік тұрғыда мазмұнды экскурсия өткізіп, қатысушылардың назарына Орталықтың мұражайы негізінде оқу мекемесінің жылнамасын ұсынып, қазіргі тіршілігі жайлы әңгімеледі. Ішкі істер органдарының қатарында қызмет атқарудың маңыздылығына тоқталып, оқушылардың қызығушылықтарын тудыра білді, әртүрлі сұрақтар қойылып, пікір алысу орын алды. Бірлестігіміз атынан Орталық басшылығына алғысымызды айтамыз, серіктестігімізді жалғастырамыз деген ниет білдіреміз.

«Зерде»   балалар бірлестігінің жетекшісі,

Зауре Елубайқызы