Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жаңажылдық жарыс»
26-12-2016 08:28
«Жаңажылдық жарыс»

«Жаңажылдық жарыс» спорттық бағдарлау бойынша жарыстарды өткізу туралы ақпарат

Жаңа Жыл қарсаңында Павлодар қаласы Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының бағдарлаушылары «Жаңажылдық жарыс» дәстүрлі жарыстарын өткізді. Қашықтық қоюшысы БЖЭТО қосымша білім беру ұстазы - С.В.Кремер болды. Спортшыларға жүгіру және шаңғы тебу арқылы қашықтықтан өту мүмкіндігі берілді. 8-10 жас аралығындағы қатысушылар қашықтықты өту барысында таңбаламаны сақтап, карточкада дұрыс белгіленуі тиіс болды, 12-14 жас аралығындағы спортшылар 6 бақылау нүктелері, 16 жастағы қатысушылар 8 бақылау нүктелері, ал 18 жас және элита спортшылары 10 бақылау нүктелерін тауып белгілеу керек болды.Барша қатысушылар тапсырмаларын орындай білді.

Мәре тұсында қатысушыларды Аяз ата мен Ақшақар қарсы алып, оларға тәтті жүлделерді табыс етті. Барлық қатысушылар саны 60 адамнан астам болды. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды. Іс-шара БЖЭТО СЮТур балалар аула клубының негізінде мерекелік шай ішумен аяқталды.