Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негіздері» 25 жұлдызды күндері көлемінде «ЭКСПО» жасыл технологиялары» бағыты бойынша «Жасыл ғаламшар» экоквестін өткізу туралы АҚПАРАТ
12-12-2016 03:58
«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негіздері»  25 жұлдызды күндері көлемінде «ЭКСПО» жасыл технологиялары»  бағыты бойынша  «Жасыл ғаламшар» экоквестін өткізу туралы  АҚПАРАТ

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негіздері»

25 жұлдызды күндері көлемінде

«ЭКСПО» жасыл технологиялары»

бағыты бойынша

«Жасыл ғаламшар» экоквестін өткізу туралы

АҚПАРАТ

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негіздері» 25 жұлдызды күндерін өткізу Жоспарына сәйкес 2016 жылғы 11 желтоқсан күні сағ.11.00 Павлодар қ. әкімдігі, Павлодар қ. білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК негізінде «Жасыл ғаламшар» экоквесті өткізілді.

Осы іс-шараны өткізу мақсаты экологиялық ойлауды қалыптастыру, жасыл технологиялары саласындағы танымдық белсенділігі мен табиғи мұраны сақтау мақсатында болашақ қуатының мүмкіндіктерін дамыту болды.

Экоквестке 100-н астам қамтылуымен БЖЭТО МҚКК балалар бірлестіктері орта буын оқушыларының 9 құрамасы қатысты.

«Жасыл ғаламшар» экоквестін өткізу бағдарламасының мазмұны құрамалардың бес тақырыптық стансаларын өтуді қамтыды:

- «Табиғи балгерлер» №1 стансасы - жауарлар және бөлме, тропик өсімдіктері туралы сұрақтарға жауап беру;

- «Қалдықтардың қайтара тіршілігі» №2 стансасы - құрамалар ұсынылған материалдарға «қайтара тіршілікті» беруі тиіс, «Қыста құстарға қамқорлық жаса» акциясы көлемінде құстарға арналған астауларды дайындау болды;

- «Денсаулық соқпағы» №3 стансасы – денсаулық соқпағы негізінде негізгі сатылардан өту;

- «Біз және табиғат» №4 стансасы – бақша, орман өсімдіктері, олардың адам өмірінде атқаратын рөлі туралы танымдық ойыны;

- «Менің Отаным - Қазақстан» №5 стансасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған зияткерлік викторина.

Қатысушы құрамалар маршрут парағына сәйкес әрбір стансаны өткеннен кейін әріптер жинағының конвертін толықтырып отырды. Олардың негізгі міндеті - жиналған әріптерден «Жасыл ғаламшар» экоквестінің ұраны: «Жизнь в стиле «ЭКСПО» сөз тіркесін құру болды.

Іс-шараның музыкалық сүйемелдеуі «СЮТур» БАК «Пилигрим» туристік клубының тәрбиеленушілерімен қамтамасыз етілді.

Әділ қазылар алқасының жұмысы аралығында қатысушы құрамалар «Қыста құстарға қамқорлық жаса» акциясы көлемінде дайындаған БЖЭТО экологиялық-ботаникалық кешенінің аумағында құстарға арналған астауларды ілді.

Экоквест аяқталғаннан кейін қорытындылары шығарылып, барлық қатысушылар БЖЭТО грамоталарымен марапатталды.

img_6696

20161211_1107201

20161211_1306561

20161211_1246551