«Құпиялы және танымал әлем» жобасы көлемінде
іс-шараның өткізілуі туралы
«Құпиялы және танымал әлем» жобасы көлемінде Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Экология» бөлімінде «Цветик-семицветик» зияткерлік-танымдық іс-шарасы өткізілді.
90 оқушыдан астамы «Жұмбақтар», «Гүл басқатырмалары», «Өсімдіктер географиясы», «Гүл шоғын жасап бер» сайыстарына қатысып, гүлдер туралы жұмбақтар мен басқатырмалар шешті, географиялық нысандардың атауларындағы өсімдіктердің атауларын тауып, түрлітүсті геометриялық үлгілерден гүл шоқтарын жасады.
Әсіресе «Ертегілер әлемінде» - гүлдер туралы туындылардың үзінділері бойынша ертегілердің атауларын еске түсіру, «Сиқырлы сандық» - жабық жәшікте жасырынған бөлме өсімдігін шешіп табу сайыстары балалардың көңілінен шықты. Іс-шара қызықты және танымдық болып, жағымды пікірлерге ие болды.