Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Көшбасшылар мектебі» жазғы көшпелі лагерін өткізу туралы есеп
01-07-2016 08:48
«Көшбасшылар мектебі» жазғы көшпелі лагерін өткізу туралы  есеп

«Көшбасшылар мектебі» жазғы көшпелі лагерін өткізу туралы

есеп

2016 жылғы 27 маусым - 1 шілде күндері аралығында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтырылуы мен қамтылуын қамтамасыз етуі үшін тиімді жағдайлар жасау мақсатында Павлодар қ. жалпы орта білім беру мектептері оқушыларына арналған «Көшбасшылар мектебі» лагерінің жұмысы ұйымдастырылды. Осы лагерді өткізудің міндеттері: - жалпыадамзаттық құндылықтарына сәйкес тұрақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру; - экологиялық және туристік-өлкетану қызметінің құралдары арқылы көшбасшылық қасиеттері мен әлеуметтік белсенділікті дамыту; - экологиялық және туристік-өлкетану іс-шараларын ұйымдастыру, өткізу; - салауатты өмір салты құлықдағдысын дамыту болды. Лагер ұйымдастырушылары «Павлодар қ. білім беру бөлімі» ММ, «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК, лагерді қабылдаушы Павлодар облысы үздік демалыс аумақтарының бірі - «Алтын Баян» ДА болды. Лагерге 150 астам адам қатысты. Лагер бағдарламасы келесі іс-шаралардың өткізілуін қамтыды: «Экология» бағытында: «Таза үй-таза ғаламшар» экологиялық акциясы; «Білімдар - 2016» зияткерлік викторинасы; «Туризм» бағытында: «Көшбасшы - турист» біркүндік туристік жорығы; «Жылдамырақ. Биігірек. Күштірек» Кіші Олимпия ойындары; «Керемет отырыс» бард әні кеші; туризм бағыттары бойынша шеберлік сыныптары; «Өлкетану» бағытында: «Жасыбай батыр», «Мыстандар шатқалы», «Шың суреттерінің құпиялары» экскурсиялары мен тарамдалған шығулар; «Карта нүктесі - Павлодар облысы», «Бірлік және келісім мерекесі», «Туған өлкенің жас білгірлері» зияткерлік-танымдық ойындары; «Жасақ жылнамасын» қорғау; «Көшбасшылар мектебі» бағытындағы қызықты тренингтері мен ойындар. Лагер жұмысының бағдарламасы әрбір қатысушының дербес басқарушылық әлеуетін көрсетіп, өздік дарындылығы мен ұйымдастырушылық қабілеттері және күнделікті тіршіліктегі сұрақтарды шешуде белсенділігі мен жауапкершілігін дамытуға мүмкіндік берді. IMG-20160701-WA0009 IMG-20160701-WA0008