Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жер - ортақ үйіміз»
06-05-2016 13:11
«Жер - ортақ үйіміз»

«Жер - ортақ үйіміз»

«Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК №7 қалалық кітапханасымен бірлесе Халықаралық Жер күніне арналған «Жер - ортақ үйіміз» экологиялық іс-шарасын өткізді.

Шараны өткізу мақсаты оқушылардың экологиялық санасы мен қоршаған ортаға деген қызығушылығын қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарау сезімін тәрбиелеу болды. Жүргізушілер кіріспе бөлімінде экология ғылымы, оның нені зерттейтіні туралы түсінік беріп, біздің ғаламшарды сақтап қорғау ісіне жеке үлестерін қосуға шақырды. Қазақстан Республикасы және Павлодар облысының экологиялық мәселелері туралы мазмұнды ақпарат берілді. Оқушылар әдеби монтаж дайындап, туған өлке, оның табиғаты туралы өлеңдер айтты. Жүргізуші қатысушыларға Қазақстанның қорықтары, Қызыл Кітапқа еңгізілген жануарлар мен өсімдіктер туралы әңгімеледі. Оқушылар «Гүлдер ханшайымы» ертегісін сахналады. Қосымша білім беру ұстазы Н.Н.Губарь "Жер Күні" медиапрезентациясын ұсынып, көптеген сайыстар өткізді. «Жануарлардың шағымы» сайысына, «Эрудит» викторинасына балалар белсенді қатысты. Іс-шараның соңында «Тірі ғаламшар» кітап көрмесі ұсынған әдебиеттеріне шолу жасалды.

GE DIGITAL CAMERA