![](/media/img/blogs/blogs_105864092.jpg)
«Ең таңдаулы қосымша білім беру ұстазы - 2016»
2016 жылғы 30 наурыз күні Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ негізінде «Ең таңдаулы қосымша білім беру ұстазы - 2016» қалалық байқауының финалы өткізілді. Байқаудың қорытындылары бойынша «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК қосымша білім беру ұстазы Асия Абулкаировна Касенова жүлделі І орынды иеленіп, Павлодар қ. білім беру бөлімінің мадақтамасымен марапатталды. Қадамыңыз құтты болсын, Асия Абулкаировна! Шығармашылықтың биік шыңдарында ғана көрінуіңізге тілектеспіз!