Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Болашақ қуаты» тақырыбында ЭКСПО-2017 жалықаралық көрмесі аясында
03-02-2016 02:28
«Болашақ қуаты» тақырыбында ЭКСПО-2017 жалықаралық көрмесі аясында

Қазақ елі әлемнің дамыған елдерінің қатарына айналу жолында көптеген белестерді басынан кешуде, қысқа уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейде бірқатар іс-шараларды өткізген болатын. Келесі белес 2017 жылы Елордасы Астанада өткізілетін ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі болып отыр. Осы көрме жаңашыл ғылыми-техникалық жетістіктері, даму келешегі, сонымен қатар қатысушы елдердің тарихи-мәдени мұрасы көрсетілетін ірі әлемдік көрме болып табылады. Халықаралық көрмені өткізу нәтижесі - экономикалық, саяси, мәдени және ғылыми байланыстардың кеңейіп, нығаюы болып келеді. ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ қуаты» тақырыбы ең үздік әлемдік қуат сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы қуат көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелерін қолдануға мүмкіндік береді. Осы ауқымды жобаны өткізу қарсаңында біздің аймағымызда да әралуан іс-шаралары өткізілуде, солардың бірі 2016 жылғы 25 қаңтар күні С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық біріккен әмбебап ғылыми кітапханасы Америкалық мәдени орталығының негізінде өткізілген ақпараттық сағаты болды. Біздің Орталығымыздың әдістемелік бөлімі осы іс-шараға қатысып, «EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің маңызы» тақырыбында медиаматериалын ұсынды.