Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің Отаным - Қазақстан» XV-ші аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы
27-11-2015 08:51
«Менің Отаным - Қазақстан»  XV-ші аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Қазақ хандығы құрылуының 550-жылдығына арналған

«Менің Отаным - Қазақстан»

XV-ші аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік

конференциясының өткізілуі туралы

АҚПАРАТ

2015 жылғы 23-27 қараша күндері аралығында «Экология.Туризм.Өлкетану» Марафоны көлемінде Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы негізінде «Менің Отаным - Қазақстан» XV-ші аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

«Менің Отаным - Қазақстан» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу мақсаты:

  • оқушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;
  • зерттеу қызметіне қызығушылық білдіретін оқушыларды қолдау;
  • зерттеу, туристік-өлкетану және мұражайлық қызметі арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;
  • туған өлкені тәжірибелік тұрғыда танып білу, қоршаған орта, тарих және мәдениет ескерткіштерімен танысу болып табылды.

Конференцияның жұмысына облыс және қала жалпы орта білім беру мектептері, мектептен тыс мекемелерінің 3-11 сынып оқушылары, сонымен бірге клубтар, секциялар, зерттеу топтары мен басқа балалар бірлестіктері мүшелерінің 100-н астамы қатысты.

Жобаларды қорғау мемлекеттік және орыс тілдерінде бес секциялары негізінде өткізілді:

  • Біз және экология - аймақтық экологиялық мәселелердің шешілуіне қосылған тәжірибелік үлесті бейнелейтін жұмыстар (жанасқан аумақтарды көгалдандыру және жақсарту бойынша жұмыс тәжірибесінен баяндамалар, мектеп орманшылықтары, жасыл жасақ, экологиялық жасақтарының жұмысы, табиғатты қорғау, экология, фенология, СӨС салаларындағы зерттеулер;
  • Зерттеу жұмысы - «Экология. Тұрақты даму» бағыты бойынша бақылаулар, тәжірибелер мен зерттеулердің нәтижелерін қамтитын жұмыстар қатысады;
  • Өз өлкеңді танып біл - «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік-өлкетану экспедициясы (жорығы) көлеміндегі туристік-өлкетану қызметі (өлкетану, археопалеонтологиялық, этноэкспедициялары, туристік экскурсиялық маршруттары мен экологиялық соқпақтарды құрастыру);
  • Тарих бесігі мұражай - мектеп мұражайларының қызметі, тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу, экскурсиялық маршруттарын құрастыру, экскурсиятану;
  • Ғылымға бастапқы қадам - БЖЭТО балалар бірлестіктері кіші және орта буын оқушыларының зерттеу жобалары.

Конференция қатысушыларының жұмыстарын құзыретті әділ-қазылар алқасы бағалады – А.С.Молдакимова – т.ғ.к., қауымдастырылған проф., С.Торайғыров атындағы ПМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті; Д.В.Пономарев – б.ғ.к., ПМПИ «Жалпы биология» кафедрасының доценті; Г.К.Тулиндинова – б.ғ.к., ПМПИ «Жалпы биология» кафедрасының доценті; О.Н. Бовина - С.Торайғыров атындағы ПМУ «Foundation» факультеті деканының орынбасары.

Жеңімпаздар грамоталар және сыйлықтармен марапатталды: – «Біз және экология» секциясында
№ п/п Ф.И. учащегося № школы Место
1 Кибартайте Елена, Алешина Дарья 9 I
2 Акопова Юлия 39 I
3 Маманова Айгерим СЮН, г. Аксу II
4 Сайлауова Арай 25 II
5 Токтарбеков Максат 40 III
6 Шнайдер Данил 41 III

- «Зерттеу жұмысы» секциясында

№ п/п Ф.И.О. учащегося № школы Место
1 Жамалбек Амина 25 I
2 Сидоренко Егор Жетекшинская СОШ I
3 Сарсенбаева Айдана ДЮЦЭТ II
4 Чернышова Дарья 9 II
5 Сабодаш Евгения 41 III
6 Санникова Александра 34 III
- «Өз өлкеңді танып біл» секциясында
№ п/п Ф.И.О. учащегося № школы Место
1 Воробьева Вероника 9 I
2 Мадьярова Далия 7, ДЮЦЭТ I
3 Бейсембаева Диана 7, ДЮЦЭТ II
4 Зайцев Вадим, Тураханов Серик 31 II
5 Фатихова Дина 42 III
6 Айтимбетова Ясмин 9 III
- «Тарих бесігі – мұражай» секциясында
№ п/п Ф.И.О. учащегося № школы Место
1 Гейнц Виолетта 28 I
2 Шипинская Дарья, Лемешинская Марина 24 I
3 Козлова Кристина 23 II
4 Довгун Кристина 41 II
5 Бегимбетова Карина 39 III
6 Бахтиярова Сабина 9 III

- «Ғылымға бастапқы қадам» секциясында

№ п/п Ф.И.О. учащегося № школы Место
1 Алдан Акмарал 40 I
2 Мереха Евгений 9 I
3 Сумина Милана 41 II
4 Увличенко Данил 41 II
5 Асаинов Ернур гимн. им. Алтынсарина II
6 Коцюбчик Адам ДЮЦЭТ III
7 Леннов Александр 28 III
8 Темиргазин Заир, Темиргалиева Айдана 42 III

Конференция жүлдегерлері - грамоталар және бағалы сыйлықтармен, барлық конференция қатысушылары - аталымдар бойынша грамоталарымен, жетекшілері – конференция жүлдегерлері мен қатысушыларының дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды.