Ұлыстың Ұлы күні Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында
Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған.
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан - тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық әрі қарай ұлттық ойындары, ән салып, би билеу, ақындар айтысы, «Қызғалдақ» мерекесі, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Біздің Орталығымыздың педагогикалық ұжымы және балалар бірлестіктерінің оқушылары Наурыз мейрамын қарсы алуда. Мерекелік дастарқандар жайылып, халық ойындары ойналып, спорттық және танымдық шаралары өткізілуде.
«Қазақстан - Павлодар» телеарнасының көрермендері үшін Орталық жылыжайының негізінде ағаш көшетін отырғызу рәсімі өткізілді. Мерекелік бағдарламаны 2017 жылғы 24 наурыз күні теледидардан тамашалауға болады.
Мереке көктемгі каникул уақытында жалғасып, оқушылардың назарына «Наурыз шақырады» танымдық-сауықтыру шарасы, «Менің қалам - Павлодар» виртуалдық экскурсиясы, «Топиарий әзірлеу» шеберлік сыныбы, «Дарындылар шоқжұлдызы» КТК, жылыжай, «Жас эколог» мұражайы негізінде экскурсиялары, жабық скалодром негізінде тәжірибеге қатысу шаралары ұсынылады.
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Жаңа жыл құт-береке әкелсін!