Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Экспо-2017» көлемінде «Қазақстан – менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғатты зерттеушілердің Республикалық форумы
26-09-2017 12:03
«Экспо-2017» көлемінде «Қазақстан – менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғатты зерттеушілердің Республикалық форумы

«Экспо-2017» көлемінде «Қазақстан – менің елім»
жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғатты зерттеушілердің Республикалық форумы

Орал қаласы Батыс Қазақстан облыстық туризм және экология орталығы негізінде өткізілген «Экспо-2017» көлемінде «Қазақстан - менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғатты зерттеушілердің Республикалық форумына Павлодар қаласы және Павлодар облысы жалпы орта білім беру мектептерінің тоғыз оқушылары құрамында Павлодар аймағының делегациясы қатысып келді. Жетекшісі Балалар-жасөспірімер экология және туризм орталығының қосымша ілім беру ұстазы Светлана Михайловна Боровикина болды.
Форум бағдарламасының көлемінде зерттеу жобаларының қорғауы, эко-әрленушілер сайысы, экологиялық квест, «Құс қанатындағы арман» және «Өз ағашыңды отырғыз» экологиялық акциялары, экологиялық-биологиялық орталығы, К. Мырза-Али атындағы өнер және мәдениет орталығы, Орал қаласы Оқушылар Сарайы, экологиялық және өлкетану мұражайлары, Орал қаласы бойынша «Ақжайық – ару мекенім» көшпелі экскурсиялары, атриум шеберлік сыныбы өткізілді.
Облыс құрамасы «Жасыл оазистер» эко-әрленушілердің сайысы, «Құс қанатындағы арман» экологиялық акциясы, «Табиғатты қорғау шеңбері» экологиялық квестына қатысып, «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта» аталымдарында жобалар мен «Эко-әлем» аталымында бейнеролик ұсынды.
Форум қорытындылары бойынша Павлодар қаласы Абай атындағы №10 лицей-мектебінің оқушысы Айдана Сабит «Денсаулық және қоршаған орта» аталымында ІІ дәрежелі дипломымен, Павлодар облысының құрамасы «Табиғатты қорғау шеңбері» экологиялық квесты аталымында І дәрежелі дипломымен марапатталды.
Форумның барлық қатысушылары Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қатысу сертификаттары, жетекші Светлана Михайловна Боровикина алғыс хатымен марапатталды.