Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ертіс сыңғыры - 2017»
27-11-2017 11:04
«Ертіс сыңғыры - 2017»

«Ертіс сыңғыры - 2017»

       2017 жылғы 24-25 қараша күндері аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы көлемінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Ертіс сыңғыры - 2017» қалалық балалар-жасөспірімдер бард әнінің фестивалін өткізді. «Достық» концерттік залында Павлодар қаласы № 9, 16, 25, 26, 28, 29, 32, 34, 36, 39, 40, 41 жалпы орта білім беру мектептері, Оқушылар сарайы, Ұлттық жаңғыру мектебі мен орталық балалар бірлестіктерінің 180 астам оқушылары жиналды.
   Үш жас топтары қатысушыларын тыңдау бес шығармашылық шеберханалары бойынша жүзеге асырылды: гитарамен сүйемелдеу негізінде орындалатын әндер, дуэт, ансамбль, авторлық әні, туристік-өлкетану әні.
    Қатысушылардың орындауларын төрайымы «Серебряные струны» авторлық әні клубының жетекшісі, Славян орталығы басқармасының мүшесі - Евгения Борисовна Бережная басшылық еткен құзыретті әділ қазылар алқасы бағалады.
Фестивалдің қорытындылары бойынша жүлделі орындарды «Авторлық әні» аталымында - № 9, 28, 34 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, «Дуэт» аталымында - ҰЖМ, ОС, орталық тәрбиеленушілері, № 39, 40, 41 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, «Гитарамен сүйемелдеу негізінде орындалатын әндер» аталымында - №16, 26, 28, 29, 34, 36, 40, 41 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, орталық тәрбиеленушілері, «Ансамбль» аталымында - №16, 32 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, ҰЖМ, ОС тәрбиеленушілері, «Туристік-өлкетану әні» аталымында - № 9, 25, 36 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, орталық тәрбиеленушілері иеленді.
    Фестивалдің жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары, аталымдар бойынша грамоталары, олардың жетекшілері алғыс хаттарымен марапатталды.
     «Ертіс сыңғыры» фестивалінің беделі арта түсуде, барлық қатысушыларға зор алғысымызды білдіреміз.