Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Менің тәуелсіз Қазақстаным
15-12-2017 11:41
Менің тәуелсіз Қазақстаным

2017 жылғы 14.12 күні Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Жасыл ғаламшар» балалар бірлестігінің оқушылары С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасы негізінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту көлемінде өткізілген экологиялық лекторийге белсене қатысты.
Осы шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында азаматтылық пен отансүйгіштікті тәрбиелеу болды.
Лекторий мазмұнына Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастаған мемлекеттің экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуының 20-жылдық жолы бейнеленген кітап басылымдарының «Бостандық Күні - Тәуелсіздік Күні» көрмесін қамтыған ақпараттық-тақырыптық экскурсиясына қатысып, Баянаула тумасы, қазақ жазушысы Диқан Әбілевтың 110-жылдығына арналған әдебиеттің шолуымен таныс болды.
Сирек кітап залына бару ерекше қызығушылық тудырды, себебі мұнда Қазақстан және тағы басқа елдері жазушылары мен ақындарының бірегей туындылары жинақталған. Жәдігерлер бірінің жасы - 240 жыл болды. Оқушылардың сирек кітаптарды қолдарына ұстап көру мүмкіндігі болды.
Экскурсияның келесі сатылары - кітапхананың оқу залы мен абонемент болды, мұнда қатысушылар тізімдеме және кітап қорымен таныстырылды.
Саяхат 20-40 жж. латын графикасына негізделінген қазақ әліпбиінің жүргізілуі мен үйренілуі туралы құжаттар ұсынылған облыстық мұрағаттың көрмесі бойынша экскурсиямен тәмамдалды.
Қызықты және танымдық іс-шара оқушылардың көңілдерінен шықты.