XVII қысқы облыстық оқушылар спартакиадасы бағдарламасындағы спорттық бағдарлау бойынша жарыс.
2018 жылғы 23-25 ақпан аралығында Аймақтық оқу-тәжирибелік дене тәрбиесі орталығы мен БЖЭТО бірігіп XVII қысқы облыстық оқушылар спартакиадасы бағдарламасындағы спорттық бағдарлау бойынша жарыс өткізді. Жарысқа Павлодар облысының 12 аудан және Ақсу, Екібастуз, Павлодар қалаларының спортшылары қатысты. Павлодар қаласы командасының намысын қорғау құқығы БЖЭТО-ң «Вертикаль» балалар бірлестігі тәрбиеленушілеріне сеніп тапсырылды. Біздің тәрбиеленушіліріміз көшбасшылықтан бас тартпай, үздік нәтиже көрсетті! Жалпыкомандалық 1 орынға «Вертикаль» командасы құрамында: Есин Глеб, Немченко Антон, Дьяченко Антон, Роде Мария, Фроленкова Ксения, Плотнир Владислав ие болды.
Тәрбиеленушілерімізді таза жеңіспен құттықтаймыз! Біз сіздерді мақтан етеміз!