Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Әлем халықтарының ойындары» атты танымдық-ойынсауық іс-шарасы
29-03-2018 23:03
«Әлем халықтарының ойындары» атты  танымдық-ойынсауық іс-шарасы

      Біздің әлем үлкен әрі алуан түрлі болып келеді. Әлем халықтарының мәдениеті мен тұрмысын зерттеу қызықты ғана емес, сонымен қатар өте пайдалы болып келеді, себебі, жер бетіндегі түрлі халықтарда даналық пен мейірімділік көзі сақталған. Біз өз халқымыздың даналығын арнайы дәстүрлер мен ойындар арқылы танып білеміз. Алайда, әрбір халықтар мен ұлт өкілдерінің балалары өз ойындарын ойнап, солар арқылы қаншалықты епті, жылдам болуға керек екендігін біледі. Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Әлем халықтарының ойындары» атты іс-шара өтті.
    Жүргізуші оқушыларды Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Жапония, Үндістан сияқты елдердің және Қазақстанның салт-дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен таныстырып өтті. Содан соң іс-шараға қатысушылар зор қызығушылықпен «Дзянкэн» («Тас - қайшы - қағаз») және «Кагомэ-кагомэ» атты жапон ойындарын ойнады, содан кейін өзбек ойыны «Арқанда жүруші» ойнатылды, балалар «Айдаһарды құйрығынан ұста» қытай ойынын ойнады. Перуан ойыны «Калабаса!» (Үйлерге!) және орыстың халық ойындары «Зорька-зарница» және «Ручеек» көңілді және қызықты өтті. Бағдарламаның барлық ұлттар қатысушыларын біріктірген «Орамал», «Тымақ», «Күйме алу» қазақтың ұлттық ойындары болды.