Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Өрт-тактикалық оқу жаттығулары
04-04-2018 10:43
Өрт-тактикалық оқу жаттығулары

    Өткен сенбі күні Павлодар қаласы ТЖ басқармасы, өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстарын атқарушы қызметі бірлесіп «Batyrmall» сауда-сауық ойын орталығында өткізген өрт-тактикалық оқу жаттығуларына Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Вершина» және «Вертикаль» (жетекшілері Оксана Владимировна Дьяченко, Сергей Николаевич Агалаков) туристік клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.
    Қатысушылар жедел-құтқару жасағы ұсынған арнайы құрал-жабдығын қолдану жолымен адамдардың Орталықтан шығуын ғимараттың терезелері мен шатыры арқылы ұйымдастырып іске асырды. Құтқару операциясы барысында біздің тәрбиеленушілеріміз туристік дағдыларын тәжірибелік түрде қолданып, алға қойылған міндетті орындай білді.
   Туристік клубтардың тәрбиеленушілері мен жетекшілеріне өрт-тактикалық жаттығуларына белсенді қатысқандары үшін алғыс жарияланды.