Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Жасыл толқын»
13-04-2018 18:05
«Жасыл толқын»

Экологиялық Марафоны көлемінде
«Жасыл толқын» еңбек жасағының өткізілуі туралы
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА

    Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Спецмашин» ЖШС, «Жасыл ел» жасағымен бірлесе «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ қолдауымен Экологиялық Марафоны көлемінде Павлодар қаласының білім беру ұйымдары арасында «Жасыл толқын» еңбек жасағын өткізеді.
    Жасақты өткізу мақсаты: оқушыларды бірегей табиғат ескерткіштерін қорғау бойынша табиғатты қорғау қызметіне қатыстыру.
      «Гусиный перелёт» - темір жол көпірінен Ертіс өзенінің оң жақ жағалауының 800-метрлік көлбеуінде орналасқан неоген дәуірі жануарларының қалдықтары көмілген ең ірі танымал палеонтологиялық табиғи ескерткіштердің бірі. Осы жылы «Гусиный перелет» ескерткішінің ашылғанына 90 жыл толып отыр.
     «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК балалар бірлестіктері мен Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінің 60 астам оқушылары «Жасыл ел» жасағымен бірлесе «Гусиный перелет» ескерткішінің аумағын тазалау бойынша еңбек жасағына қатысады.
     Біздің қаламыздың тазалығы, «Гусиный перелет» ескерткіші сияқты бірегей орындардың бірін сақтап қалу - біздің қолымызда!