Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Оқушылардың облыстық спартакиадасы бағдарламасының көлемінде жазғы спорттық бағдарлау бойынша жарыстары
17-04-2018 11:35
Оқушылардың облыстық спартакиадасы бағдарламасының көлемінде жазғы спорттық бағдарлау бойынша жарыстары

Оқушылардың облыстық спартакиадасы бағдарламасының көлемінде
жазғы спорттық бағдарлау бойынша жарыстары

     2018 жылғы 13-15 сәуір аралығында Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы Балалар - жасөспірімдер экология және туризм орталығымен бірлесе отырып, оқушылардың XXVII облыстық спартакиадасы бағдарламасының көлемінде жазғы спорттық бағдарлау бойынша жарыстарды өткізді. Төрешілік комиссия құрамына экология және туризм орталығының қосымша білім беру ұстаздары және «Вертикаль» клубының ересек тәрбиеленушілері енді.
    Жарыстарға Павлодар облысының 12 аудандары мен Ақсу, Екібастұз және Павлодар қалаларының спортшылары қатысты. Павлодар қаласының намысын «Вертикаль» клубының тәрбиеленушілері қорғады.
     Бұл жолы да Павлодар қаласының спортшылары жоғары деңгейде нәтиже көрсете білді. Біздің нәтиже - 1 450 ұпай! Екінші орынды 1 066 ұпаймен Ертіс ауданы иеленді.
      Үш қарқынды күн тез арада өтте шықты! Орындаушылар спортшыларға қызықты қашықтықтар дайындады. Байқаудың соңғы күні дәстүрлі, өте әсерлі болды, өйткені жарыстың ең сүйікті түрі – эстафетамен жалғасын тапты. Эстафетаның көшбасшылары айқын байқалды. Алдымен Павлодар қаласының жастар құрамасы мен қыздар құрамасы эстафетаны аяқтады. Нәтижелер кестесіндегі көшбасшылықты бермейтін, тек қалалар арасында ғана емес, сонымен бірге жалпы хаттамада үздік нәтиже көрсететін шәкірттерімді мақтан тұтамын. Команда құрамына: Есин Денис, Немченко Антон, Дьяченко Антон, Роде Мария, Фроленкова Ксения, Плотнир Владислав енді. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!