Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскесі негізінде тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар» аймақтық семинарын өткізу туралы
11-05-2018 21:20
«Мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскесі негізінде тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар» аймақтық семинарын өткізу туралы

«Мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскесі негізінде тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар»
аймақтық семинарын өткізу туралы

   Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК негізінде 2018 жылғы 11 мамыр күні «Мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскесі негізінде тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында дәстүрге айналған аймақтық семинары өткізілді.
    Семинар мектеп жанындағы тәжірибелік учаскесі, балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдарының аумақтары негізінде тәжірибелік жұмысты жүзеге асыруда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуі мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.
    Семинар жұмысына Павлодар облысы, Павлодар қаласы мектеп жанындағы учаскелері негізінде жұмыс үшін жауап беретін жалпы орта білім беру мектептерінің биология, технология пәндерінің мұғалімдері, мектепке дейінгі және қосымша білім беру мекемелерінің ұстаздары қатысты.
     Семинарды өткізу бағдарламасы келесі мәселелердің қарастырылуын қамтыды: «Тәжірибелік - зерттеу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі», «Гүл учаскесі жасыл экономиканың үлгісі ретінде», «Бақылаулардың нәтижелерін көрнекі рәсімдеудің үлгілері»
  «Жеміс-жидек дақылдарының аудандастырылған сұрыптары және олардың көбеюі», «Гүл-сәндік және көкөніс дақылдары тұқымдарын себудің заманауи әдістері», «Ландшафты әрленімдегі кіші сәулет үлгілері» тақырыптарында шеберлік сыныптары өтті.
   «Мектеп жанындағы учаскесі бүгінгі таңда: әртүрлі аудандардың мектеп жанындағы учаскелерінде зерттеу қызметінің презентациялары» дөңгелек үстелі барысында мәселелермен бөлісу, тәжірибе алмасу іске асырылды.
   Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар беріліп, олар семинар жұмысының жоғары әдістемелік дәрежеде өткізілуі туралы пікірін білдірді.