Мен табиғатпен дос болғым келеді!
2018 жылғы 5 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының аумағында «Мен табиғатпен дос болғым келеді» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының қолдауымен өтті.
Мерекеге ЖОМ № 5, 9, 41, КЖОМ жазғы мектеп лагерлерінің және Орталықтың тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шараның бағдарламасына: жылыжай, мұражай, экология-ботаникалық кешенінің аумағындағы тақырыптық экскурсиялар, шығармашылық байқау, экологиялық квест енді.
«Табиғатты сақта!» атты асфальтқа сурет салу байқауында, жас табиғат қорғаушылары біздің ғаламшарымыздың болашағын бейнеледі, ал «Жасыл ғаламшар» квест-ойын барысында «Қызыл кітаптар беттерінде», «Қанатты достар», «Дәрілік дәріхана» және т.б. шығармашылық тапсырмаларды орындау кезеңдерінде экологиялық білімдерін көрсетті.
Мерекелік шараға 120 бала қатысып, нәтижесінде жеңімпаздар мен қатысушылар дәстүрлі түрде марапатталды.