«Ошақ» отбасылық лагері
Жазғы уақытта балалар мен жасөспірімдердің демалысы, сауықтырылуы мен қамтылуын және отбасылық тәрбие жүйесін нығайту мақсатында, Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының негінде, 2018 жылғы 7 маусым күнінен бастап, «Ошақ» отбасылық лагері жұмысын бастады.
Лагер жұмысына жалпы саны 80 – нен астам Орталықтың тәрбиеленушілері және ЖОМГ №9 оқушылары мен ата-аналар қатысты.
Лагер бағдарламасында әр қатысушының өз таланттарын ашуға, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытуға, белсенді және жауапты болуға мүмкіндік беретін шаралар: жылыжай, экологиялық-ботаникалық кешен, «Жас эколог» мұражайы, «Атамұра - асыл қазына» этноауылы бойынша экскурсиялар, «Шапшаң. Жоғары. Күшті» шағын Олимпиялық ойындар мен туристік-жаттығу соқпағындағы шеберлік сыныбын өткізу қарастырылған.