Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Областная спартакиада школьников
19-06-2018 12:07
Областная спартакиада школьников

    13-16 маусым күндері аралығында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркы аумағында оқушылардың облыстық спартакиадасы бағдарламасы көлемінде туристік слеті өткізілді. Спортшылар «Кросс-жорығы», «Эстафета» қашықтықтары, «Дала газеті», «Туристік әні» сайыстарында күштерін сынады. Слетке Павлодар облысының 11 аудандары мен Ақсу, Екібастұз және Павлодар қалаларының 14 құрамалары қатысты. Құрама 12 адам, оның ішінде кіші буын (15 жасқа дейін) және ересек жасты (15 - 18 жас аралығы) 6 спортшылардан құралды.
   Жарыстардың бірінші күні төрешілер алқасы аудандық құрамаларына шеберлік сыныбын көрсетті, мұнда балалар жарыс барысында күтілетін сатыларда жұмысты орындауды үйренді. Жарыстардың екінші күні ең мазмұнды болды. Қатысушылар төрешілер алқасымен қойылған кедергілерді картаның көмегімен тауып, өтуі керек болды. Төрешілердің пікірінше, үздік туристік әнін Павлодар қаласының құрамасы ұсынды. Үздік дала газеті Успенка ауданының құрамасында болды. Эстафета ең серпінді қашықтық болып келеді. Қашықтық барысында үздік уақытты қалалар арасында – Павлодар, аудандар арасында - Лебяжі және Павлодар көрсете білді.
   Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының ұстаздары мен «Вертикаль» және «Вершина» клубтарының тәрбиеленушілері құрамындағы төрешілер алқасы өз жұмысын жақсы атқарды.
   Осы жылы Павлодар қаласының намысын БЖЭТО жинақ құрамасы қорғады. Оның құрамында «Вертикаль», «Пирамида», «Усольский меридиан», «Колибри», «Вершина» клубтарының тәрбиеленушілері болды. Павлодар қаласының спортшылары қойылған міндетті атқарып, 1 орын иегері атанды.