Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Поход по Северному Тянь-Шаню
08-08-2018 21:48
Поход по Северному Тянь-Шаню

   2018 жылғы 26 шілде - 8 тамыз күндері аралығында «СЮТур» БАК «Вершина», «Пирамида», «Усольский меридиан» туристік клубтарының тәрбиеленушілері Агалаков С.Н., Ридзаускас В.Ю., Ридзаускене И.В. жетекшілерімен бірге Солтүстік Тянь-Шань аумағына 2-ші күрделілік санатты жорығын іске асырды. Жорыққа 12 адам қатысты.
    Маршруттың жалпы ұзақтығы 120 км, 8 жүріс күнін қамтыды: Горельник сайы, Титов асуы (1А күрделілік санаты, биіктігі 3 630 метр), Мыңжылқы шатқалы, Пионерлік асуы (1Б күрделілік санаты, биіктігі 3 880 метр), Бас Талғар асуы (биіктігі 3 163 метр), Солтүстік Талғар өзені, Күнгей далашығы, Дмитриев мұздығы, Жас ұлан асуы (1Б күрделілік санаты, биіктігі 4 398 метр), Көлді және Қызылсай өзендерінің қосылысы, Алматы Аладыр асуы (биіктігі 3 665 метр), Өткінші сайы, «Алма-Арасан» демалыс үйі.
Маршрут барысында біздің туристеріміз жауын-шашын, бұршақ, қар, боран сияқты бұлыңғырды басынан кешті. Бірақ жолдағы қолайсыз күн райы топ мүшелерін жауынгерлік рухынан айырмады, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.
  Келесі жылы Туриада көлемінде 3-ші күрделілік санатты жорығының өткізілуі жоспарлануда.
    Туристерімізге шуақты ауа райы мен сәт сапар тілейміз!