Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Табиғаттың құтқарушы шеңбері» экологиялық квест ойыны
30-10-2018 15:28
«Табиғаттың құтқарушы шеңбері» экологиялық квест ойыны

«Табиғаттың құтқарушы шеңбері»
экологиялық квест ойыны

   30 қазан күні Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы негізінде № 32, 33, 28, 30, 16 жалпы орта білім беру мектептері, «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар шипажайы» КМҚК және орталық балалар бірлестіктерінің оқушыларына арналған «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» тақырыбы бойынша экологиялық квест ойыны өткізілді.
  Командалар бағыт парақтарын алып, квест ойынның стансалары бойынша аттанды. Әр стансада түрлі тапсырмалар берілді. Мәселен, «Хош иісті шөптер» стансасында қатысушыларды дәмді өсімдіктер туралы тосын сәттер күтіп тұрды, ал мұражайда «Қорықтық соқпақтар» ойынында өлкетану бойынша сұрақтарға жауап берді. «Табиғатпен ниетіміз бір» кезеңінде командалар мәтіннің мазмұнында қателерді табуы, келесі «Өсімдіктер әлемінде» стансасында балалар дәрілік өсімдіктерді еске алып, фотосуреттері бойынша гүлдерді тауып, оларды топтарға жіктеуі тиіс болды. Соңғы нүктесі «Жыл мезгілдері - жұмбақтар» - ой-өрісін дамытуға бағытталған сүйікті басқатырғыштарды шешу болды.
 Квест ойынның қорытындылары мәжіліс залында шығарылып, барлық қатысушыларға мадақтамалар табыс етілді.