Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ертіс сыңғыры - 2018»
04-12-2018 21:20
«Ертіс сыңғыры - 2018»

«Ертіс сыңғыры - 2018»


   2018 жылғы 28 қараша күні Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Ертіс сыңғыры» қалалық балалар-жасөспірімдер бард әнінің фестивалін өткізді. Фестиваль Павлодар қаласы №16 лицей-мектебінің мәжіліс залында өтті. Байқауға «Самал» оңалту орталығы, Славян мәдени орталығының «Серебряные струны» бард әні клубының жастар қанаты тәрбиеленушілері, Павлодар техникалық сервис колледжі, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығ, Павлодар қаласының № 5, 9, 11, 16, 24, 25, 29 ,32, 34, 36, 39, 40, 41, 42 жалпы орта білім беру мектептерінің 150 астам оқушылары қатысты
   2018 жылғы 4 желтоқсан күні «Достық үйі» концерттік залында гала концерті барысында фестивал жеңімпаздарын мараппатау рәсімі «Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ қолдауымен өтті.
     Қатысушыларды тыңдау 3 жас аралық топқа бөліну арқылы және фестивальдің 5 шығармашылық шеберханалары бойынша жүзеге асырылды: туристік-өлкетану әні, авторлық ән, гитарамен сүйемелдеу негізінде әндер орындау, ансамбль, дуэт.
   Қатысушыларды әділ-қазылар алқасының төрайымы Бережная Евгения Борисовна («Серебряные струны» авторлық ән жетекшісі, Славян орталығының басқарма мүшесі) басшылық еткен беделді әділ қазылар алқасы бағалады.
     «Ансамбль» санаты бойынша I орын «Айналайын» № 36 ЖОБМ, «Арман» № 25 ЖОМ, «Зеленая карета» № 41 ЖОБМ, «Сталкер» №34 ЖОББМ, II орын «Небесный звон» ОБГМ № 9, «Экспромт» Славян мәдениет орталығы иеленді.
    «Туристік-өлкетану әні» санаты бойынша I орын «Дружные ребята» ансамблі № 43 ЖОМ, Ансамбль № 11 модульдік үлгідегі ЖОБББМ, «Девчата» ансамблі № 36 ЖОБМ, «Аллегро» вокалды ансамблі № 24 ЖОМ, II орын Пилигрим клубының тәрбиеленушісі Алсу Юзеева, «Сталкер» № 34 ЖОББМ иеленді.
    «Дуэт» санаты бойынша I орын № 41 ЖОБМ оқушылары Дина Досанова, Карина Жолдыбаева, № 40 ЖОМ оқушылары Михаил Дунаев, Лаурина Йеншке, II орын «ДЭНИС» Славян мәдениет орталығы иеленді.
   «Авторлық ән» санаты бойынша I орын «Визави» № 16 ЛМ, Славян мәдени орталығының тәрбиеленушілері Данил Сухов, Елизавета Вахрушева, II орын Павлодар техникалық сервис колледжінің студенті Данил Богомолов, № 16 ЛМ оқушысы Леонид Левченко иеленді.
     «Гитарамен сүйемелдеу негізінде әндер орындау» санаты бойынша I орын № 41 ЖОБМ оқушысы Дмитрий Курилов, № 5 ЖОМ оқушысы Георгий Каримов, № 29 ЖОМ оқушысы Нағия Смағұл, № 41 ЖОБМ оқушысы Ерсултан Туйтебаев, «Пилигрим» клубының тәрбиеленушісі Алсу Юзеева, № 40 ЖОМ Дунаев Михаил, II орын № 41 ЖОБМ оқушылары София Блинова, Карина Жолдыбаева, Алина Дронова, ОБГМ № 9 оқушылары Алиса Козолуп, Влад Степанов, Артем Русанов иеленді, № 40 ЖОМ Кристина Осадчая, III орын № 32 НОМ оқушылары Екатерина Киверина, Алена Казикова, № 34 ЖОББМ оқушысы Феликс Бондарь, Мұхтар Әуезов ат. № 42 ЖОМ оқушысы Сергей Медведев, № 39 ЖОМ оқушылары Никита Геращенко, Вероника Бестужая, Данара Калиева, Томирис Омарова иеленді.
    Ұйымдастыру комитеті Павлодар қаласының № 16 ЛМ және «Достық үйі» ММ әкімшіліктеріне өткізу орның ұсынғаны үшін және жылы шыраймен қарсы алып, белсенді қызмет атқарғандарына алғысын білдіреді. Сондай-ақ, Бережная Евгения Борисовнаға, Казаков Александр Владимировичке, Борисовская Наталья Васильевнаға әділ-қазылық жұмысқа қатысып, балалар-жасөспірімдер бард әнінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтады.