Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасын іске асыру аясында «Құс қанатындағы арман» қалалық акциясын өткізу туралы ақпарат
15-01-2019 16:04

«Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасын іске асыру аясында
 «Құс қанатындағы арман» қалалық акциясын
 өткізу туралы ақпарат


      «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасын іске асыру аясында Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінде «Құс қанатындағы арман» қалалық акциясы өткізілді. Акция ұйымдастырушылары: «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ, «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ болып келеді.
      Акция қараша айының басында басталып, қар жамылғысы кеткенге дейін жалғасады.
Акцияны өткізудің мақсаты - оқушыларды құстарды қорғау бойынша табиғатты қорғау қызметіне қатыстыру, қалаға пайдалы құстарды шақырту, облыс көлемінде құстар әртүрлілігінің тіршілігіне қауіп төндіретін іс-әрекетті алдын алу болып табылады.
     Бұл акцияға Павлодар қаласының № 13, 29, 4, 27, 30, 17, 2, 35, 16, 33, 41, ОАЖБМИ, № 4 АЖБМИ жалпы орта білім беру мектептерінің 1 500-ден астам оқушылары қатысты.
     Акцияға қатысушылар қысқы уақытта құстарды азықтандыруға дайындалуда:
- табиғи және қалдық материалдардан ұяларды өз қолымен жасайды;
- мектеп аумағы, бақ, саябақ, тұрғылықты үйлерге және т. б. жерлерге ілу шараларын іске асырады;
- әртүрлі іс – шаралар өткізеді («дөңгелек үстел», КТК, сұрақ-жауап, экоквест), республиканың қыстайтын құстары және олардың маңызы туралы ақпарат дайындайды, арнайы плакаттар мен фото және видео-альбомдар шығарады, көрмелер, қолдан жасалған бұйымдар мен суреттер байқауларын, тұрғындар арасында табиғатты қорғау туралы үгіт-насихат жүргізу іс-шараларын ұйымдастырады.
      Мұндай акциялар экологиялық білім беру құралдарымен қатысушының танымдық белсенділігінің, адамгершілік санасының дамуына ықпал етеді және көңіл-күй мен мейірімділік танытудың тамаша мүмкіндігі болып табылады.
Акция қорытындысы келесі өлшемдер бойынша жүргізілді:
- байқау қатысушыларының саны;
- іс-шаралардың нысандары мен саны;
- ұсынылған материалдың акция тақырыптамасына сәйкес келуі,
- рәсімдеудің өзгешелігі мен бейнелілігі,
- байқау көлемінде өткізілген шаралар туралы ақпаратының БАҚ-нда орналастырылуы.
Акция қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:



Жеңімпаздар жүлделі орындар үшін грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.