Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Туристер мен өлкетанушылар біліктілігін арттыруда
22-05-2019 18:34
Туристер мен өлкетанушылар  біліктілігін арттыруда

Туристер мен өлкетанушылар  біліктілігін арттыруда

   Аймақтардағы балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту және белсендету үшін педагогикалық шарт-жағдайларды қамтамасыз етуі мақсатында, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы негізінде 2019 жылғы 13 - 22 мамыр күндері аралығында «Балаларға қосымша білім берудің туристік-өлкетану бағыты бойынша инновациялық педагогикалық технологиялар» тақырыбы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының біліктілік арттыру курсы өтті.

   Курс жұмысына жалпы орта білім беру мектептері және қосымша білім беру мекемелерінің туристік-өлкетану қызметімен айналысатын үйірмелер, клубтар мен секциялардың жетекшілері, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, спорт нұсқаушылары, қосымша білім беру педагогтары қатысты.

   Курс бағдарламасының көлемінде балаларға қосымша білім берудің туристік-өлкетану бағыты бойынша көкейкесті мәселелері қарастырылып, Павлодар аумағының қосымша білім беру ұйымдары бойынша шолу экскурсиялары, Павлодар қаласының естелік орындары бойынша тақырыптық экскурсиялары, Усолка өзенінің қоймасында біркүндік оқу-машықтану жорығы өтті.

  Дәріскерлер ретінде ПМПУ, ИнЕУ оқытушылары, «Өрлеу» БАҰОФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ тренерлері, Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының мамандары, БЖЭТО -ң тәжірибелі қосымша білім беру педагогтары шақырылып қатыстырылды.

  Курстың қорытындылары бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.