Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ошақ» отбасылық лагері
08-07-2019 14:37
«Ошақ» отбасылық лагері

«Ошақ» отбасылық лагері

    Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және қамтылуын қамтамасыз ету және отбасылық тәрбие жүйесін нығайту үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында 2019 жылғы 7 шілдеден бастап Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы негізінде «Бірлік аралы» демалыс күнінің бағдарламасы аясында «Ошақ» отбасылық лагері өз жұмысын бастады.

        Лагер жұмысымен БЖЭТО МҚКК балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері мен әлеуметтік жағынан осал топтардың балалары, ата-аналарының жалпы саны 100-ге жуық адам қамтылды.

         Лагер бағдарламасына жылыжай, экология-ботаникалық кешені, «Жас эколог» мұражайына экскурсиялар, «Жылдамырақ. Биігірек. Күштірек» атты кіші Олимпия ойындары, бард әнінің кеші, туристік-жаттығу жолындағы шеберлік сыныбы, «Жасыл ғаламшар» экоквест ойыны енді.

     Лагер жұмысының бағдарламасы отбасылық тәрбие жүйесін нығайту үшін жағдай жасайды және әр қатысушыға өз дарындылығын көрсетуге, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға, белсенді, жауапты болуға, тіршілік әрекетін ұйымдастыру мәселелерін шығармашылықпен шешуге мүмкіндік береді.