Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Областной семинар "Значение культурного наследия"
18-10-2019 16:31
Областной семинар

    2019 жылғы 18 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру көлемінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тұрғысында мәдени мұраның маңызы» облыстық семинарыөтті.Семинар «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ бірлесе ұйымдастырылды. Семинарды өткізу мақсаты  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының идеясын қолдану бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеруде білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әдістемелік дайындығын тереңдету болды.

       Семинар бағдарламасының мазмұнын бірқатар мәселелер құрады: «Ұлы дала мұрасы» мектеп музейінің тұжырымдамасы, «Ұлы дала мұрасы» тұжырымдамасы шеңберінде мектеп музейін ұйымдастыру, «Баянауыл ауданы №4 мектеп-интернатының оқу-тәрбие үдерісінде «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру» шеберлік сыныбы, мектеп музейлерінің қорларын оқыту үдерісі барысында пайдалану (№ 8 дарынды балаларға арналған лицей-мектебінің жұмыс тәжірибесінен), музейлік қалқандардың тақырыптық рәсімделуі.

  Семинар жұмысына оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарлары, мектеп музейлерінің жетекшілері, Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.

  Семинар жұмысының қорытындыларын шығару кезінде осы шараның ұйымдастырып өткізуде бірегей тәсілдің қолданылуы, оның көкейкестілігі мен бағдарламасының өнімді мазмұны аталып көрсетілді.